Жаңалықтар

«Менің қандай халде болғанымды түсініңіздер». Бишімбаев сотта кешірім сұрады

«Менің қандай халде болғанымды түсініңіздер». Бишімбаев сотта кешірім сұрады
Фото: t.me/Jogargy_sot 01.04.2024 12:46 1091

Астанада Бишімбаевтың ісі бойынша сот отырысы өтіп жатыр. Сот отырысында Салтанат Нүкенованы өлтірді деген күдікке ілінген Қуандық Бишімбаев сөз сөйледі, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Қазір мен үшін сөйлеу қиын. Туыстары мен жапа шеккен тарап осында. Мен үшін оның өлімін түсіну әрқашан қиын. Кешірім сұрағым келеді. Мен бұл орны толмас шығын екенін түсінемін және осы жағдайларға қатысым бар. Мен әйелім Салтанатты қасақана айуандықпен өлтірген жоқпын, – деді Бишімбаев.

Оқи отырыңыз:

Сот залында отырған марқұм Салтанат Нүкенованың анасы ашуға булығып Бишімбаевқа: «Оны сен өлтірдің, мен қызымның бетін көрмедім, сен кінәлісің. Сені оны бірнеше сағат бойы аяусыз ұрғансың» деп айқайлай бастады.

Бишімбаев өзінің кінәлі емес екенін айтты.

Мен кез келген жазаны арқалауға дайынмын. Бірақ бұл фонда өзімді қорғауым керек. Сіздерге өтірік айту ойымда жоқ.  Бес ай бойы мені оның көзін жұлып алған, бас сүйегін тескен деп құбыжық етіп шығарып жатыр.  Мұның ешқайсысы шындыққа жанаспайды және сіздер бұған көз жеткізесіздер. «Бұрынғы министр», «Ол сондай» деген сияқты пікірлер, сөздер менің айналамда қалыптасып жатыр. Осы уақытқа дейін ненің дұрыс, ненің бұрыс екенін айтуға мүмкіндік болмады. Зардап шеккен тараптың адвокаттары айтқандай, менің де айтатын мүмкіндігім болды. Бірақ мен күш-қуатымды жинап, шешім қабылдағанда сіздер де менің қандай халде болғанымды түсінулеріңіз керек, - деді күдікті.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға