Менікіне тұрмады. Қалтасына микрофон тығып билеген Әлқожа сынға ұшырады

Фото: Видеодан кадр
Фото: Видеодан кадр
26.04.2023 15:07
18971
Эстрада жұлдызы Әбдіжаппар Әлқожаның қалтасына микрофон тығып билегені желі қолданушыларының ашуына тиді, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Менікіне тұрмады, - деп жазған әнші.
Видеодан Әбдіжаппар Әлқожадан бөлек Нұрболат Абдулин, Ерболат Төлегеновтерді байқауға болады.
Watch on TikTok
Ал оқырмандар әншінің бұл әрекетін қатаң сынға алды.
«Осы артистер мақтаншақ, кішкене байсалды болу керек қой», «Құдай-ау, Ерболат та еліктеп қояды», «Жігітке лайықты нәрсе істеңдер», «Өмір осылардікі», «Нұрболат, шашыңды алшы», «Қарлығаштың ысқырғаны қалай кетті», «Ауылға әкп, шөпке салар ма еді?», «Ескіргендер», «Көңіл көтерген түрлерін-ай», - деген пікірлер бар.
