Жаңалықтар

«Мені кәрі қыз деп атады». Дина Төлепберген қыздарға тұрмыс құруға қатысты ақылын айтты

«Мені кәрі қыз деп атады». Дина Төлепберген қыздарға тұрмыс құруға қатысты ақылын айтты
Фото: instagram.com/dina_tolepbergen 26.09.2023 11:41 2758

Танымал журналист Дина Төлепберген «Сіңліме сыр» айдарында қыздарға тұрмыс құруға қатысты кеңесін берді, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

28 жасымда тұрмысқа шықтым. Өзім шырайлы Шымқаладан болған соң туыстарымның мені кәрі қыз деп атай бастағаны жасырын емес. Әлгіндей пікірді қазір мен құлағымның ұшына да қыстырмас едім. Бірақ ол кезде жағдай басқаша болатын. «Қашан тұрмысқа шығасың? Неге жігітің жоқ? Осылай жүре берсең сені кім алады?» деген сауалдар қойылып, тап осылай туыстарың сені тергеуге алғанда, өзіңді сол бір отбасына қажетсіз адам сезінесің, - дейді тележүргізуші.

Дина Төлепберген туыстардың мұндай сұрақ қоюы әдепсіздік пен манипуляция екенін айтады.

Қыздың бойында қорқыныш сезімін қалыптастыру, кінәлі сезімін ояту, өз-өзіне деген сенімді жоғалтуға бағытталған нағыз фашистік іс-әрекет дер едім. Сондықтан қымбатты ата-аналар, сіздерге айтар үлкен өтінішім бар. Егер қызыңызға риясыз бақыт тілесеңіз, «қашан?» деген сұрақтың қойылуына қатаң түрде тыйым салып тастаңыз. Әр қыздың өз шекарасы бар және мәреден асуға ешкімге рұқсат жоқ. Әр қыз өз орнын табады, кезі келеді, - деді журналист.

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от DINA TOLEPBERGEN (@dina_tolepbergen)

 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға