Жаңалықтар

"Менен қандай жауап естігіңіз келеді?" Депутат Тұрлыханов зорлық-зомбылық туралы сұраққа ашуланды

"Менен қандай жауап естігіңіз келеді?" Депутат Тұрлыханов зорлық-зомбылық туралы сұраққа ашуланды
Фото: parlam.kz 15.11.2023 14:53 5253

Мәжіліс кулуарында тілші депутат Дәулет Тұрлыхановтан отбасындағы зорлық-зомбылық үйдегі тәрбиеге қаншалықты байланысты екенін сұрады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Бұл сауал мәжілісменнің ашуын туғызып, ол нақты жауап беруден бас тартты.

Тілші «ер азаматтардың әйелдерге қол көтеруі отбасындағы тәрбиеге байланысты ма?» деп сауал қойды. Тұрлыханов бұл сұраққа сұрақпен жауап қатты.  

Жарайсыз. Қандай сұрақтар қоясыз? Ендеше өз сұрағыңызға өзіңіз жауап беріңізші. Білейін, - деді депутат.

Тілші бұл мәселенің ауқымды екенін және әйелдердің өз күйеуінің қолынан көз жұматыны қорқынышты екенін алға тартты.

Сонда сіз менен қандай жауап естігіңіз келеді. Бұдан былай мұндай сұрақтармен маған келмеңіз, - деді депутат.

@adal_adam #даулеттурлыханов #депутат #бытовоенасилиеказахстан ♬ оригинальный звук - ADAL Adam

Айта кетейік, бұған дейін Дәулет Тұрлыхановтың інісі Рахат Тұрлыхановтың әйеліне, ал ұлы қызға қол көтергені туралы мәлімет тараған.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға