Жаңалықтар

Менделеев кестесі төрт жаңа элементпен толықты

Квант теориясы бойынша ядросында 120 протоннан асатын өте ауыр элемент құруға болады
05.01.2016 07:03 66879

Менделеев кестесі төрт жаңа элементпен толықты

Менделеевтің периодтық кестесіне ресми түрде төрт химиялық элемент қосылды. 113, 115, 117 және 118 атомдық нөмірлі элементтер Теоретикалық және қолданбалы химияның халықаралық  одағымен (IUPAC) расталды.

Менделеевтің периодтық кестесі соңғы рет 2011 жылы 114 және 116 элементтер қосылғанда жаңарған болатын. Олардың атауы флеровий және ливерморий.

113 элементті Жапондық жаратылыстану ғылымдары университетінің ғалымдары ашқан. Осыған орай элемент «японий» деген атқа ие болды. Қалған үш элементке ат ойлап табу құқығы оларды ашқан ғалымдарға тиесілі. Ғалымдар алдағы бес ай ішінде ұсыныстарын беріп, IUPAC одағы ресми атауын қабылдайды.

113,115,117 және 118 элементтерді Дубн қаласында(Ресей Федерациясы) орналасқан Біріккен ядролық зерттеулер институтының ресейлік және америкалық ғылымдар ашқан болатын.

117 элементті шығару барысы. Желілік жылдамдатқыш,  GSI лабораториясы, Германия

117-ші элементті жасау үшін ғылымдар кальций ядросын (20 протоны бар) беркелиуммен  (97 протоны бар) соқтығыстырды. Бұл үрдісті жасау өте қиынға соқты. Себебі беркелиум (Калифорниядағы Беркли университетінің атына қойылған) өте сирек кездесетін элемент. Ғалымдар тобы эксперимент үшін 13 миллиграммды екі жыл бойы жинады, - дейді америкалық ғалым. Беркелиум әлемнің тек бір жерінде ғана шығарыла алады. Ол Теннеси қаласында орналасқан Оак Ридж ұлттық лабораториясында. Атомдық реактор арқылы алынған сирек элементті кейін екінші сатыны өту үшін Германияға жіберді.

113 элемент висмут цинк бөлшектерімен сәулелеу арқылы пайда болды. Және ол өте тез ыдырайды. Ол  Менделеев периодтық кестесіндегі Азияда табылған алғашқы химиялық элемент. 113-ші элементті зерттеу 2003 жылы басталған болатын. Косуке Моританың айтуы бойынша оның тобы жоспар бойынша болашықта нөмірі 119 элементті зерттеумен айналысады. Периодтық кестенің 7-8 жодарын эксперименттеу арқылы бір күні тұрақтылық аралын тауып қалармыз дейді.

Нақтылап айтсақ, бұл элементтердің барлығы енді ғана ашылған жоқ. Зерттеу орталықтары элементтерді жылдар бойы бақылап келеді. IUPAC болса осы жылдар бойы растау эксперименттерін жүргізіп келді.

Барлық төрт элемент жасанды түрде синтезделді. Табиғатта атом нөмірі (ядродағы протондар саны) 92-ден аспайтын химиялық элементтер кездеседі. Протондар саны 93 пен 100 аралығындағы элементтерді реакторларда, ал 100-ден асатын элементтерді бөлшектерді жылдамдатқыш арқылы алады.

Жаңа элемменттерді ашудың себебі неде?

Практикалық қолданысы жоқ элементтерді неге дәлелдейміз? Біріншіден, бұл біздің қолымыздан келеді. Ғылыми теорияларды бақылау деректері арқылы растай алу өте маңызды. Алдағы болжамдар жасауымыздың нақтылығын дәлдей түседі.

Екіншіден, күндердің бір күнінде біз өте ауыр және өте пайдалы жаңа элементті жасап шығара аламыз.

Квант теориясы бойынша ядросы 120 протоннан асатын өте ауыр элемент құра аламыз. Ал ол өз кезегінде өте тұрақты(ыдырауға қарсы тұра алады). Бұл элементтер периодтық кестенің ең соңында тұратын болады, және олардың артықшылықтарының қаншалықты мықты болатындығын ешкім нақты айта алмайды.


Айгүл ШЕРНИЯЗОВА

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға