Мен ешқашан тегін алмаймын. Ақысын төлеймін - Қ.Тоқаев
Қазақстан Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Тәжікстан Республикасының Астанадағы ауыл шаруашылық көрмесінде қолөнер туындысын ақшаға сатып алды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Кеше Қасым-Жомарт Тоқаев пен Эмомали Рахмон Тәжікстанның ауыл шаруашылығы және өнеркәсіп тауарларының көрме-жәрмеңкесін аралап көрген еді. Екі ел басшылары Тәжікстанның ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп өнімдері, қолөнер бұйымдары мен ұлттық тағамдарының көрме-жәрмеңкесіне барды. Сол жерде тәжік шеберлерінің туындысына Мемлекет басшысы ақысын төледі.
Мен ешқашан тегін алмаймын! Сатып аламын. Тіпті өзіміздің көрмеден де ақшаға сатып аламын, деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Аталған шара аясында концерттік бағдарламалар, түрлі қолөнер және халық кәсіпшілігі бойынша шеберлік дәрістері ұйымдастырылды. Сонымен қатар елорда тұрғындары мен қонақтары тәжік халқының ұлттық тағамдарының дәмін татып көрді.