Жаңалықтар

«Мен емес, қолым ұрды»: Дана Әтешова Әйтеновтен көрген қорлығы туралы айтты

«Мен емес, қолым ұрды»: Дана Әтешова Әйтеновтен көрген қорлығы туралы айтты
Фото: instagram.com/dana_ateshova 02.08.2024 12:18 1123

Астанада әйелі мен балаларына зорлық-зомбылық көрсеткен Марат Әйтеновке қатысты сот отырысы өтіп жатыр, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Шымкент қаласы экс-әкімнің ағасы Марат Әйтенов жәбірленуші Дана Әтешовадан кешірім сұраған. Адвокат Дана Әтешоваға «Әйтенов сізден кешірім сұрайды, сіз оны кешіресіз бе?», - деп сұрақ қойды.

9 жыл бойы қорқынышпен өмір сүрдік, менің сұрайтыным - тек қауіпсіздік. Сотта және әлеуметтік желілерде көптеген айла-шарғылардан кейін, ол кінәсін мойындамаған соң, мені ренжіткенін мойындамаған соң, мен ол адамды кешіре алмаймын. Бірге тұрғанымызда ол мені таңертең ұрып, сосын «Сені ұрған мен емеспін, сені менің қолым ұрды, тілің ащы ғой» дейтін, - деп жауап берді Дана Әтешова.

Айта кетейік, бұған дейінгі сот отырысында Марат Әйтенов оқиға болған күн жайлы айтып берген.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға