Жаңалықтар

МƏМС жүйесіне тіркелмеген 3 миллионнан астам адамның денсаулығына қатысты мәселе ушығып тұр

МƏМС жүйесіне тіркелмеген 3 миллионнан астам адамның денсаулығына қатысты мәселе ушығып тұр
Фото: ©El.kz/Марат АМИРОВ 09.10.2023 12:14 906

Мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетов МƏМС-пен қамтылмаған азаматтардың мəселесіне тоқталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Депутаттың айтуынша, МƏМС жүйесінде тіркелмеген 3 миллионнан астам адамның денсаулығына қатысты мәселе ушығып тұр. 

Бұл азаматтар медициналық көмекті тек сырқаты қатты асқынып кеткенде шұғыл медициналық көмекке жүгіне алады. Жасалған талдау 706 мың адам бейресми жұмыспен қамтылған жəне 246 мың адамның уақытша жұмысы бар екенін көрсетті. Олармен кім жұмыс істейді жəне олар қалай медициналық қызмет алады деген сұрақ туындап отыр. Өкінішке қарай, бұл бағытта белсенді жұмыс байқалмайды, - деді депутат.

Асхат Аймағамбетов осы мәселені шешу бойынша Денсаулық сақтау министрлігінің осы санаттағы азаматтар үшін жарналарды жергілікті əкімдіктердің есебінен төлеу туралы ұсыныстың тиімділігі бойынша күмəн бар, бұл ұсыныс мұқият тексеруді қажет ететініне тоқталды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға