Мемлекеттік хатшы Сурдлимпиада ойындарына қатысқан Ұлттық құрама мүшелеріне құттықтау жеделхатын жолдады
19.05.2022 15:23
Ерлан Қарин спортшыларды XXIV жазғы Сурдлимпиада ойындарындағы жарқын жетістігімен құттықтады.
Сонымен қатар Мемлекеттік хатшы барша спортшыға бақ-береке, толағай табыс тіледі.– Еліміздің ұлттық құрама командасы 3 алтын, 7 күміс, 18 қола медальға ие болды. Бұл – спортшылардың және жаттықтырушылардың табандылығы мен қажырлы еңбегінің жемісі. Сіздер Қазақстанның спорт саласындағы әлеуеті зор екенін тағы бір мәрте дәлелдедіңіздер. Дүбірлі додада көк туымызды биікте желбіреткен жеңімпаздарға шынайы ризашылығымды білдіремін. Болашақтағы байрақты бәсекелерде де халқымыздың абыройын асқақтата бересіздер деп сенемін, – делінген жеделхатта.
Фото: medium.com
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

