Жаңалықтар

Мемлекеттік қызметтердің 93% онлайн түрде қолжетімді

Қазақстанда адами факторсыз құрылатын электронды мемлекеттік қызметтер саны көбейеді
Мемлекеттік қызметтердің 93% онлайн түрде қолжетімді
Фото: egemen.kz 28.06.2022 09:34 1497

Бұл туралы Үкімет отырысында ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин айтты, деп хабарлайды El.kz

«Бизнесс процесстердің реинжинирингі негізінде мемлекеттік қызметтерді жетілдіруге, атап айтқанда олардың жаңа тізімін қалыптастыруға мүмкіндік берді. Нәтижесінде, қызмет түрлерінің саны 1300-ден асып кетті. Мәселен, «жылжымайтын мүлікті тіркеу» қызметі іс жүзінде 26 түрлі қызметтен тұрады. Осыған байланысты, Әлихан Асханұлы, мемлекеттік органдарға жыл соңына дейін мемлекеттік қызметтер тізімін одан әрі кеңейту туралы тапсырма беруіңізді сұраймын», - деді Б. Мусин.

Министрдің айтуынша, бүгінде мемлекеттік қызметтердің 93%-ы онлайн түрде қолжетімді, бірақ кейбір мемлекеттік органдарға бұл жұмысты әлі де жетілдіру қажет.

«Осы жаңа бастама негізінде автоматтандырудың жетілдірілген метрикасын енгізудеміз. Бұл проактивті және толық автоматтандырылған қызметтер санын, яғни адами факторсыз құрылатын қызметтер 6% пайызды құрайтынын көрсетті. Айталық, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі маңызды әлеуметтік қызметтерді проактивті форматқа өткізуде ауқымды жұмыс жүргізеді. Бұл қызметтер халық арасында өте жақсы бағалануда. Проактивті қызметтерді енгізу жұмысын басқа да меморгандарға жандандыру қажет. Мәселен, министрлік жүргізген талдау мемлекеттік қызметтердің басым бөлігі, яғни адами фактормен құрылатын қызметтер саны шамамен 85 пайыз екенін көрсетті. Бұл – өте үлкен көрсеткіш», - деді Цифрлық даму министрі.


Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға