Жаңалықтар

Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттары жөнінде кеңес өтті

Бұл туралы Үкіметтің баспасөз қызметі мәлім етті
Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттары жөнінде кеңес өтті
Фото: Үкімет 10.01.2023 12:49 1602

Үкіметте Премьер-Министрдің мемлекеттік органдарды дамытудың салалық тұжырымдалары мен жоспарларын жаңарту жөніндегі тапсырмасының орындалу барысы қаралды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Мемлекеттік органдар қолданыстағы ұлттық жобалардан көрсеткіштер мен іс-шараларды көшіру, сондай-ақ Мемлекет басшысының Сайлауалды бағдарламасы және басқа да тапсырмалары аясындағы жаңа шараларды салалық тұжырымдамалар мен даму жоспарларына енгізу бойынша жұмыс жүргізуде.

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – қаржы министрі Е. Жамаубаев Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі, Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрліктері өкілдерінің «Қолжетімді интернет» және «Әр елді мекенде таза ауыз су» жаңа ұлттық жобаларын әзірлеу барысы туралы баяндамаларын тыңдады.

Жиынды қорытындылай келе, Ерұлан Жамаубаев мемлекеттік органдарға салалық тұжырымдамалар мен даму жоспарларын өзектендіру жұмыстарын жеделдету, сондай-ақ ұлттық жобаларды әзірлеуді аяқтауды тапсырды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға