Жаңалықтар

Мемлекеттік сатып алудың жаңа жүйесі жасалады

Мемлекеттік және квазимемлекеттік сатып алуды бірыңғай платформаға көшіру қажет.
Мемлекеттік сатып алудың жаңа жүйесі жасалады
Фото: inbusiness.kz 01.09.2022 11:26 1616

Бұл туралы Мемлекет басышысы бүгінгі халыққа жолдауында айтты, деп хабарлайды El.kz.

«Мемлекет қаржылай қолдау жасаған кезде бәсекеге қабілетті шағын және орта бизнес өкілдеріне баса мән береді. Еңбекақы төлеу қорын көбейткен және салық төлемдерін арттырған кәсіпорындарға қолдау көрсетіледі. Бұл – негізгі талап.

Сонымен қатар, мемлекеттен көмек алатын бизнес өкілдерін анықтайтын автоматты жүйе енгізіледі. Мемлекеттік сатып алудың мүлде жаңа жүйесі жасалады. Бағаның төмен болуы ғана емес, тауарлар мен қызметтердің сапасы басты назарда болады.

Мемлекеттік және квазимемлекеттік сатып алуды бірыңғай платформаға көшіру қажет. Осының бәрін жүзеге асыру үшін «Мемлекеттік сатып алу туралы» жаңа заң қабылдануға тиіс», – деді Президент халыққа жолдауында.


Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға