Жаңалықтар

Мемлекеттік резервтер комитетіндегі жемқорлық әшкереленді

Мемлекеттік резервтер комитетіндегі жемқорлық әшкереленді
Фото: pexels.com 17.04.2023 18:26 986

ҰҚК Қостанай облысы бойынша департаменті сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактісі бойынша «Резерв» ШЖҚ РМК басшысы Б.Оңайбаевты (Қазақстан Республикасы ТЖМ Мемлекеттік материалдық резервтер комитетінің ведомстволық бағынысты ұйымы) ұстады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Жедел жете тексеру барысында оның 2022 жылы мамырда кәсіпкердің коммерциялық қызметіне жалпы қамқорлық жасағаны үшін заңсыз ақшалай сыйақы алуға қатысы бары анықталды.

Қылмыстық істің қатысушысы делдал арқылы беріліп отырған заңсыз ақшалай сыйақыны алу кезінде астыртын әрекет етудің жоғары шараларын қолдағаны атап өтілді.

Нәтижесінде, 2023 жылғы 16 наурызда Сот шешімімен Б.Оңайбаевты мемлекеттік қызметте қызмет атқару құқығынан өмір бойына айыра отырып, ҚР ҚК 366-бабы 2-бөлігі бойынша 9 млн теңге мөлшерінде айыппұл түріндегі жазамен сотталды.

Сондай-ақ, Б.Оңайбаев "2-санатты" (подполковник әскери атағына теңестіріледі) қаржы полициясы және экономикалық тергеу органдарының зейнеткері біліктілік сыныбынан айырылды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға