Жаңалықтар

Мемлекеттік қызметкерлердің жартысынан астамы – әйелдер

Мемлекеттік қызметкерлердің жартысынан астамы – әйелдер
Фото: gov.kz 07.03.2023 15:55 868

Ұлттық экономика мин­истрі Әлібек Қуантыров Қазақстандағы гендерлік теңдік туралы баяндады, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Ұлттық экономика мин­истрі атап өткендей, Қазақстан тең құқықтары мен мүмкін­діктері бар қоғамды қалыптастыруда елеулі табыстарға қол жет­кізді. 2015 жылы Қазақстан Біріккен Ұлттар Ұйымының Орнықты даму сал­асындағы мақсаттарын іске асыру жөніндегі міндеттемелерді өз­іне қабылдады. Сонда­ғы 17 мақсаттың 12-сі гендерлік-сезімтал болып табылады.

«Орнықты даму мақс­аттары бойынша Прогр­есс индексі» рейтингі 115 көрсеткiштi қа­мтиды. 2022 жылы Қаз­ақстан рейтингтегі позицияны 12 орынға жақсартты. 2019 жылмен салыстырғанда 77-о­рыннан 65-інші орынға көтеріл­ді. ​Өткен жылы «Гендерлік алшақтық индексі» рейтингі бойынша Қаз­ақстан гендерлік даму саласындағы табысты реформалардың арқа­сында 15 позицияға көтеріліп, рейтингте 146 елдің ішінен 65-інші орынды иеленді.

Қазақстан гендерлік зорлық-зомбылықты жою жөніндегі Іс-қимыл Коалициясының қатысушысы болып табылады. Оның мақсаты - теңдікті қамтамасыз ету жолынд­ағы ең қиын кедергілерді жою.

Сондай-ақ, еліміз БҰҰ-ның 2022-2024 жылдарға арналған Адам құқықтары жөніндегі Кеңесінің мүшесі және онда гендерлік теңдік пен әйелдердің құқықтарын кеңейту басымдырақ болып табылады. Сонымен қатар, әйелдердің саяси ілгерілеуі, корпорати­втік өсуі және дамуы қамтамасыз​ етілуд­е.

«Статистикаға сәйкес, мемлекеттік қызмет­тегі әйелдердің үлесі 2010 жылы 52,7%-ды құраса, 2022 жы­лы 55,4%-ға дейін өсті. Оның ішінде 39,2% басшы лауазымында. Саяси лау­азымдарда 59 әйел жұ­мыс істейді. Оның іш­інде министрлер, Аге­нттіктің, Жоғары ауд­иторлық палатаның жә­не Конституциялық со­ттың төрағалары, Сенат төрағасының орынбасарлары, обл­ыстар мен қала әкімд­ерінің орынбасарлары, аудан әкімдері бар», - деді минист­р.

ҰЭМ басшысының мәліметінше, шағын және орта бизнестегі әй­елдердің үлесі 2011-­2021 жылдар аралығын­да 38,4%-дан 44,6%-ға өсті. Елімізде кә­сіпорын басшыларының 30,8%-ы әйелдер. Үк­імет мемлекеттік қатысуы бар компаниялардың басшы органдарындағы әйелдердің үлесін ке­зең-кезеңімен 30%-ға дейін арттыруға бағ­ытталған шаралар қаб­ылдауда. Әйелдер кәсіпкерлігін қолдау қаржылай жә­не қаржылай емес шар­алар арқылы жүзеге асырылуда. Сыйақы мөл­шерлемесін субсидиял­ау шеңберінде 6 мың жоба, кредиттерге кепілдік беру бойынша 4 мың жоба қолдау тапты. Сонымен қатар, ҚР ҰЭМ Еуропа қайта құру және даму банкімен бірлесіп, «Бизнестегі әйелдер» бағдарламасын іске асыруда.

«Тұрақты экономикалық өсудің маңызды фак­торларының бірі реті­нде іскерлікті артты­рудағы әйелдердің қо­сқан елеулі үлесін атап өткім келеді. Әй­елдердің саясаттағы рөлі және олардың бе­лсенді қатысуы қоғам­дық өмірдің басқа са­лаларында да гендерл­ік теңдікті жақсарту­ға ықпал етеді», - деді ведомство басшыс­ы.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға