Жаңалықтар

Мемлекеттік қызметкерлердің тойға баруына тыйым салынды

Мемлекеттік қызметкерлердің тойға баруына тыйым салынды
Фото: ©pixabay.com 25.04.2024 13:56 2597

Қырғызстанның премьер-министрі Акылбек Жапаров үкімет мүшелерінің тойға баруына шүйлікті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Ол той өткізу кезіндегі ысырапшылдыққа жол берілетінін атап өтіп, парламент, үкімет мүшелеріне «тойға бармаңдар!» деді.

Айта кетейік, 2022 жылы көрші мемлекетте салтанатты шараларды өткізудегі шектеулер туралы президент жарлығы қабылданған. Онда халықтың әлеуметтік және экономикалық әл-ауқатын арттыру, діни рәсім, салтанатты шаралар кезінде ысырапшылдыққа және мол мал шығынына жол бермеу туралы айтылады. Құжат «Қырғыз Республикасында отбасылық салтанаттар мен ас беру рәсімдерін реттеу шаралары туралы» деп аталады. 

Құжатқа сәйкес, парламент, үкімет мүшелері мен мемлекеттік қызметкерлерге отбасылық, мерейтой шараларын және ас беру рәсімдерін көп қаржы шығындамай және көп мал соймай өткізуге кеңес берілген.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға