Жаңалықтар

Мемлекеттік қызметкерлердің құқығын бұзған лауазымды тұлғалар жауапқа тартылды

Мемлекеттік қызметкерлердің құқығын бұзған лауазымды тұлғалар жауапқа тартылды
Фото: pixabay.com 01.11.2024 13:06 288

Мемлекеттік қызмет істері агенттігі жанындағы Қоғамдық кеңестің отырысында мемлекеттік қызметкерлердің құқығын қорғау және мемлекеттік органдарда жұмыс уақыты режимінің сақталуын қамтамасыз ету бойынша биылғы 9 айда атқарылған жұмыс нәтижелері қаралды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Агенттіктің 9 ай ішіндегі бақылау жұмыстарының нәтижесінде 15 мыңға жуық заңбұзушылықтар анықталып, оның қорытындысы бойынша лауазымды адамдар тәртіптік және әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

4221 мемлекеттік қызметкердің бұзылған құқығы қалпына келтірілді, – делінген ведомство хабарламасында.

Сонымен қатар белгіленген кезеңде жұмыс уақытына жүргізілген мониторинг нәтижесінде 2,3 мыңнан астам мемлекеттік қызметкердің құқығы қорғалды. Оның ішінде 2 мыңнан астамы қосымша демалыс сағаттарын алса, қалғандарына ақшалай өтемақы төленді және икемді жұмыс уақыты режимі белгіленді. 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға