Жаңалықтар

Мемлекеттік күзет қызметкерлері енді Назарбаевтың қауіпсіздігіне жауап бермейді

Мемлекеттік күзет қызметкерлері енді Назарбаевтың қауіпсіздігіне жауап бермейді
Фото: nazarbayev.kz 01.06.2023 12:16 8284

Ел президентінің ҚР Мемлекеттік күзет қызметі туралы ережені бекіту туралы» жарлығына өзгеріс енгізіледі, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Мемлекеттік күзет қызметінің (МКҚ) басты функциясы қатарынан ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасының қауіпсіздігін қамтамасыз ету міндеті алынып тасталмақ. Бұл туралы Ашық НҚА порталында жарияланған Жарлық жобасында жазылған.

Міндеттері - Қазақстан Республикасы Президентінің және басқа да күзетілетін адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, - делінген жаңа редакцияда.

Құжатқа қосымша берілген түсіндірмеде МКҚ-ден Нұрсұлтан Назарбаевтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету міндеті «ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы туралы» ҚР Конституциялық заңының күші жойылуына байланысты алынып тасталып отырғаны көрсетілген.

Жарлық жобасы 14 маусымға дейін көпшілік талқылауда болады. Кейін қол қою үшін Президентке жолданады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға