Жаңалықтар

Мемлекеттік күзет қызметі астаналықтарға үндеу жолдады

Мемлекеттік күзет қызметі астаналықтарға үндеу жолдады
Фото: ©El.kz/Арман МУХАТОВ 27.06.2024 21:41 303

Мемлекеттік күзет қызметі 3-4 шілдеде елордада өтетін ШЫҰ саммитіне байланысты астаналықтарға үндеу жолдады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

ШЫҰ саммитіне дайындық кезеңінде, 28 маусымнан қаланың кейбір көшелерінде көлік құралдары мен жаяу жүргіншілердің қозғалысына уақытша шектеу енгізіледі. Дайындық іс-шаралары арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының, сондай-ақ ҚР Қарулы Күштерінің, оның ішінде әскери авиацияның ресурстарын пайдалану арқылы жүргізіледі, - делінген мемлекеттік күзеттің Instagram-парақшасында.

Сондай-ақ 2-4 шілдеде "Есіл", "Нұра" және "Алматы" аудандарында осындай шектеулер енгізіледі. Осыған байланысты, Астана қаласының тұрғындары мен қонақтарынан қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша жүргізіліп жатқан іс-шараларға түсіністікпен қарау сұралады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға