Жаңалықтар

Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин дауыс беруге келді

Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин дауыс беруге келді
Фото: El.kz 20.11.2022 07:43 1214

Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин дауыс беруге келді, деп хабарлайды El.kz.

"Бүгін – өте маңызды күн. Еліміздің әр азаматы өзінің конституциялық құқығын пайдаланып, сайлау күні өз дауысын бере алады. Егер әрқайсымыз еліміздің, отбасымыздың болашағына жақсы өзгерістер керек десек, сайлауға міндетті түрде қатысып, өз дауысымызды беруіміз керек. Бүгінгі сайлау еліміздің болашақтағы бағдарын анықтайтын болады. Меніңше, қазір өтіп жатқан сайлау науқаны ел ішінде де, шетелде де үлкен қызығушылық тудыруда. Менің білуімше, елімізге 600-ден аса шетелдік бақылаушы келіп жатыр. Одан басқа, ел ішінен мыңдаған бақылаушы қатысып жатыр. Бұл биылғы сайлау науқанына үлкен қоғамдық белсенділікті аңғартады", – деді Қарин.

 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға