Мемлекеттік инспекторлар енді кәсіпорындардың қызметін уақытша тоқтата алады
10.06.2025 10:39
Фото:
©El.kz/Артем Чурсинов
Мемлекеттік инспекторларға қауіпті еңбек жағдайлары кезінде кәсіпорындардың қызметін тоқтата тұру құқығы беріледі, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету жүйесінде мемлекеттік бақылау жүйесін жетілдіру шеңберінде инспекциялық қызметтің тиімділігін арттыруға бағытталған жаңа шаралар әзірленуде.
Атап айтқанда, тексеру жүргізу туралы жұмыс берушілерді міндетті түрде хабардар етуден бас тарту ұсынылады. Сондай-ақ жұмысшылардың өмірі мен денсаулығына қауіп төнген кезде кәсіпорындардың жұмысын тоқтата тұру бойынша өкілеттіктер беру жоспарлануда.
Сонымен қатар жоспардан тыс тексерулер кезінде тексеру парақтарын толтырудан бас тарту ұсынылады, бұл бұзушылықтарды анықтау процесін жеңілдетіп, жеделдетуі керек.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

