Мемлекеттік хатшы Мәншүк Мәметованың ескерткішіне гүл шоғын қойды
09.05.2022 11:01
2725
Мемлекеттік хатшы Ерлан Қарин Екінші дүниежүзілік соғыс қаһарманы Мәншүк Мәметованың ескерткішіне гүл шоқтарын қойды.
Жеңіс күніне орай елордадағы Жеңіс даңғылының бойындағы «Ақжайық» саябағында салтанатты іс-шара өтті.
Алаңға жиналған қауым Екінші дүниежүзілік соғыста қаза болған жауынгер қазақстандықтарды бір сәт үнсіздікпен еске алды.
Екінші дүниежүзілік соғыс қазақ тарихына Мәншүк Мәметова, Әлия Молдағұлова, Хиуаз Доспанова сияқты аяулы есімдерді қалдырды. Хиуаз Доспанова қарсы жаққа әуеден қырғидай тисе, Әлия Молдағұлова мергендігімен жаудың зәресін алды. Ал Мәншүк Мәметова пулеметші ретінде тарихта қалды.
baq.kz
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Назгүл Мағжан: Бүгінгі таңда еліміз үлкен өзгерістер алдында тұр
Келесі жаңалық
«Кендірлі» су тұщыту зауыты қаншалықты тиімді болады