Жаңалықтар

Мемлекеттік бюджетке 12,5 трлн теңгеден аса кіріс түсті

Мемлекеттік бюджетке 12,5 трлн теңгеден аса кіріс түсті
Фото: t.me/KZgovernment 13.09.2023 09:45 2541

Бұл туралы Үкімет отырысында қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Биылғы жоспардың 97,2%-ке орындалған.

Қаржы министрі салықтар бойынша жоспардың орындалмауы негізінен корпоративтік табыс салығы, шикі мұнайға экспорттық кеден бажы, пайдалы қазбаларды өндіруге салынатын салық импортқа салынатын қосылған құн салығы есебінен қалыптасқанын айтып өтті.

Корпоративтік табыс салығы бойынша жоспардың орындалмауы 306 ірі салық төлеуші бойынша мәлімделген аванстық төлемдер сомасының 26%-ке азаюымен байланысты. Шикі мұнайға экспорттық кеден бажы бойынша жоспардың негізгі орындалмауы экспорттық кеден бажының нақты қалыптасқан мөлшерлемесінің болжамды көрсеткіштен 13%-ке төмендеуімен байланысты болды. Пайдалы қазбаларды өндіруге салынатын салық бойынша жоспардың орындалмауына негізгі экспорттық тауарлар бағасының орташа есеппен 15%-ке төмендеуі әсер етті, - деді қаржы министрі.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға