Жаңалықтар

Мемлекеттік аппарат қызметін бюрократиядан арылту үшін 370-тен астам ұсыныс әзірленді

Мемлекеттік аппарат қызметін бюрократиядан арылту үшін 370-тен астам ұсыныс әзірленді
Фото: © ОКҚ 22.11.2023 21:33 695

100-ге жуық мемлекеттік қызмет түрлі комиссиялар негізінде көрсетіледі, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Бұдан басқа, 190-нан астам қызмет келісу рәсімі арқылы ұсынылады, оның 113-і - басқа мемлекеттік органдармен, 77-сі - сарапшылармен келісуді қажет етеді.

«Сондықтан комиссиялар мен осы келісу рәсімдерінің санын қайта қарап, оңтайландыру маңызды», – деді ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының орынбасары Салауат Мүксімов ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында.

Сонымен қатар, 374 мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелері шұғыл болып табылады. Бұл мемлекеттік қызмет көрсету қорытындысы бойынша берілген құжаттың қолданылу мерзімі болған жағдайларға қатысты. Мысалы, көрсетілетін қызметті алушылар 37 мемлекеттік қызмет бойынша 3 ай, 10 қызмет бойынша 6 ай, 80 қызмет бойынша 1 жыл өткеннен кейін және т. б. қайта жүгінуге мәжбүр.

«Қызмет алушыны қолданылу мерзімі өткеннен кейін жаппай қайта жүгінуге мәжбүрлемей оларды мерзімсіз форматқа ауыстыруымыз керек немесе осындай қызметтердің қолданылу мерзімін барынша ұзарту қажет», - деді спикер.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға