Мемлекет басшысы Рыбакинаны жеңісімен құттықтады
08.07.2022 00:06
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның бірінші, әлемнің 23-ракеткасы Елена Рыбакинаны Уимблдон турнирінің финалына шығуымен құттықтады, деп хабарлайды El.kz.
– Елена Рыбакинаны теннистен ең беделді Уимблдон турниріндегі керемет жеңісімен құттықтаймын. Ол финалға жетті!, - деп жазды Мемлекет басшысы әлеуметтік желіде.
Айта кетейік, Қазақстанның бірінші, әлемнің 23-ракеткасы Елена Рыбакина Уимблдон турнирінің финалына шыққан болатын. Қазақстандық теннисші жартылай финалда әлемнің бұрынғы бірінші ракеткасы, «Үлкен дулыға» турнирінің екі мәрте чемпионы (Франция ашық чемпионаты – 2018, Уимблдон – 2019), қазіргі кезде рейтингіде 18-сатыда тұрған румыниялық Симона Халеппен кездесіп, жеңіске жетті.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

