Жаңалықтар

Мемлекет басшысы отандық кәсіпкерлермен кездесті

Мемлекет басшысы отандық кәсіпкерлермен кездесті
19.05.2022 19:34 2229

Бүгін Ақордада Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бір топ кәсіпкермен кездесу ұйымдастырды. Сондай-ақ отырысқа құқық қорғау органдарының басшылары мен бас прокуратура өкілдері қатысты.

Мемлекет басшысы отандық кәсіпкерлермен кездесті  

– Мұнда мемлекеттік органдар тарапынан кәсіпкерлікке көрсетілетін проблемалар бойынша мәселелер көтерілді. Оның ішінде бақылаушы-қадағалаушы органдар тарапынан кәсіпкерлікке қатысты жүргізілетін тексерулер тақырыбы айтылды. Барлық тексерулер автоматты түрде тағайындалуы керек. Мәселен, дамыған мемлекеттерде нақты автоматтандырылған жүйе арқылы 95 пайыз тексерулер тағайындалады. Бізде ондай тексерулер саны тек 27 пайызды құрайды. Сондықтан біз осы мәселені көтерген едік. Жалпы құқық қорғау тарапынан жүргізіліп жатқан қысым, заңсыз әрекеттер болдырмау үшін қазіргі кезде талдау жүргізіліп жатыр. Маусым айында Бас прокуратураның талдау нәтижелерін аламыз. Біздің мақсатымыз бір рет талдау жүргізіп, кінәлілерді жазалау емес, керісінше осы салада тәжірибені өзгерту. Осындай жұмыс үнемі жүргізілетін болса, құқық қорғау органдары тарапынан жіберілетін құқық бұзушылық саны күрт төмендейді деп сенемін, - дейді «Атамекен» ҰКП Басқарма төрағасының орынбасары Ербол Өстеміров.

Фото akorda.kz

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға