Мемлекет басшысы АХҚО басқарушысы Қайрат Келімбетовті қабылдады
25.06.2022 12:04
Фото:
Ақорда
Қасым-Жомарт Тоқаев «Астана» халықаралық қаржы орталығының 2021 жылы атқарған жұмысының нәтижелерімен танысты, деп хабарлайды El.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Мемлекет басшысына Astana Finance Days халықаралық конференциясын өткізуге дайындық барысы туралы баяндалды. Осы жиын аясында қазіргі экономикалық күн тәртібінің мейлінше маңызды мәселелері, соның ішінде Еуразия кеңістігінің экономикалық байланыстылығын қамтамасыз ету ісіндегі Қазақстанның жаңа рөлі талқыланады.
Қасым-Жомарт Тоқаев Қайрат Келімбетовке Үкіметпен, Ұлттық банкпен және Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігімен тығыз ықпалдастық орната отырып, шетелден ел экономикасына инвестиция тарту жұмыстарын жандандыруды тапсырды.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

