Жаңалықтар

Мемлекет волонтерлік бастамаларды жүзеге асыруға 70 млн теңге бөлінді

Мемлекет волонтерлік бастамаларды жүзеге асыруға 70 млн теңге бөлінді
Фото: El.kz 27.05.2024 11:43 517

Қазақстанның барлық өңірлерінде Birgemiz жалпыұлттық жобасы аясындаволонтерлік бастамаларды жүзеге асыру бойынша шағын гранттар конкурсынаөтінімдерді қабылдау жалғасуда, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Бұл жоба түрлі бағыттар бойынша нақты жергіліктіміндеттерді шешуге бағытталған және ол ағымдағы жылдың 25 сәуірінен 31 мамырына дейін өткізіледі.
 
Конкурсқа қатысу өтінімдерін Birgemiz жобаларын жүзеге асыратын 8 үкіметтік емесұйым қабылдауда. Birgemiz гранттар бағдарламасы Қазақстан Республикасы Мәдениетжәне ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша «Азаматтық бастамаларды қолдауорталығы» КеАҚ-тың қолдауымен үшінші жыл қатарынан табысты жүзеге асырылуда. Бұлмемлекеттік гранттарды еріктілер болып табылатын кәмелетке толған қазақстандықтар, сондай-ақ бастамашыл топтар мен ҮЕҰ ала алады. Биылғы жылы конкурс аясындаәрқайсысы 300 мың теңгені құрайтын 240 шағын грант беріледі.
 
Birgemiz жобасының еріктілер бастамалары келесі бағыттарды қамтиды:

• BIRGEMIZ: Bilim;
• BIRGEMIZ: Saýlyq;
• BIRGEMIZ: Sabaqtastyq;
• BIRGEMIZ: Taza Álem;
• BIRGEMIZ: Asyl mura;
• BIRGEMIZ: Qamqor;
• BIRGEMIZ: Úmit;
• BIRGEMIZ: Ayala.
 
Өтінімдерді қабылдау 2024 жылғы 31 мамырға дейін ұзартылды. Ал конкурстың қорытындыларын шығару және іріктеу нәтижелерін жариялау 2024 жылғы 18 маусым күніөтеді.
 
Конкурсқа қатысу үшін Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының сайтында көрсетілген құжаттардың толық пакетін дайындау және тапсыру қажет. Қосымша ақпарат пен ұйымдастырушылардың байланыстарын https://cisc.kz/ сайтынан табуға болады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға