Жаңалықтар

Мемлекет ешкімді баспанасыз далада қалдырмайды - Олжас Бектенов

Мемлекет ешкімді баспанасыз далада қалдырмайды - Олжас Бектенов
Фото: gov.kz 05.04.2024 14:15 569

Премьер-министр Олжас Бектенов Ақтөбе облысында өткен су тасқынына қарсы іс-шараларды үйлестіру және су тасқыны зардаптарын жою жөніндегі республикалық штабтың штабтың отырысында зардап шеккендерге мемлекет тарапынан көмек болатынын айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Өз кезегінде Олжас Бектенов барлық өңірде әкімдіктердің өтініші бойынша су тасқынына қарсы жұмыстарға қажетті техника мен материалдарды тегін берген құрылыс компанияларына, жол жөндейтін ұйымдарға Үкіметтің атынан алғыс айтты.

Отырыс қорытындысы бойынша премьер-министр жөндеуге жарамды тұрғын үйлер мен инфрақұрылымның сапасына ерекше назар аудару қажет екенін атап өтті.

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша су басқан үйлердің барлығы құжаттардың бар-жоғына қарамастан, қалпына келтірілетін болады. Мемлекет ешкімді баспанасыз, далада қалдырмайды. Осындай қиын жағдайда ірі, орта бизнес, сондай-ақ кішігірім компаниялар және елдің тағдырына бей-жай қарамайтын қарапайым азаматтар қол ұшын созып жатыр. Бюджет қаражатына қосымша тұрғын үйлерді қалпына келтіруге, жоғалған мүлік пен мал шығынын өтеуге бағытталатын қомақты сома жиналды. Мердігер компаниялар осындай қиын жағдайды бизнеске айналдырмайды және барлық қаражат мақсатты түрде жұмсалады деп сенемін, - деді штаб жетекшісі. 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға