Жаңалықтар

Мемлекет енді әр балаға 70 мың теңге жәрдемақы төлеуі мүмкін

Мемлекет енді әр балаға 70 мың теңге жәрдемақы төлеуі мүмкін
Фото: El.kz 12.04.2023 12:29 5197

Бүгін Мәжіліс депутаты Гауһар Танашева әрбір туған балаға70 мың теңге көлемінде мемлекеттік жәрдемақы тағайындауды ұсынды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Ол депутаттық сауалды премьер-министрдің орынбасары Алтай Көлгіновке жолдады.

Көпбалалы отбасылардың басым бөлігі көбінесе қалыпты өмір сүру жағдайына бейімделмеген жалға берілетін бөлмелерде тұрады. Егер ипотека рәсімдеу мүмкіндігі болса, әдетте құрылыс сапасы төмен, эконом-санаттағы бір бөлмелі пәтер болады. Олар үшін мемлекеттік тұрғын үймен қамтамасыз ету тәжірибесі жоқ, ипотекалық несие берудің қолжетімді шарттары қарастырылмаған, - дейді Гауһар Танашева. Ол атаулы әлеуметтік көмекті алып тастап, жаңа әлеуметтік жәрдемақы тағайындауды сұрады. Оның айтуынша, бұл әлеуметтік пробламаларды шешеді.

Біз ең төменгі жалақы мөлшерінде  әр балаға 70 мың теңге көлемінде мемлекеттік жәрдемақы тағайындауды қарастыруды ұсынамыз. Мысалы, 4 балаға берілетін жәрдемақы 280 мың теңгені құрайтын болады. 2 балаға 140 мың теңге тағайындалады. Қазіргі уақытта 4 бала 55 340 теңге жәрдемақы алады. Әр балаға айына 13 826 теңге бөлінеді. Бұл әлеуметтік қолдаудың ақылға қонымсыз мөлшері, - дейді депутат.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға