Жаңалықтар

Мемлекет басшысының туған күніне орай ешқандай іс-шара жоспарланбаған - Руслан Желдібай

Мемлекет басшысының туған күніне орай ешқандай іс-шара жоспарланбаған - Руслан Желдібай
Фото: Ақорда 15.05.2023 16:28 915

Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Руслан Желдібай Қасым-Жомарт Тоқаевтың туған күнінде қандай іс-шаралар ұйымдастырылатыны жайлы сауалға жауап берді, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Баспасөз хатшысының сөзіне қарағанда, 17 мамыр күні Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қытайға мемлекеттік сапары басталады. Яғни жұмыс кестесіне сай өтеді.

Президенттің баспасөз қызметіне БАҚ-тан Мемлекет басшысы туған күнін қалай атап өтетіні туралы сұрақтар келіп түсіп жатыр. Осыған орай ешқандай іс-шара жоспарланбағанын хабарлаймыз. Президент мұндай шараларды қолдамайды. Мемлекет басшысы 17 мамыр күнін жұмыс кестесіне сай өткізеді. Бұған дейін хабарлағанымыздай, бұл күні Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қытайға мемлекеттік сапары басталады. Қазақстанда да, ҚХР-ға сапар аясында да Президенттің туған күніне байланысты ешқандай іс-шара өткізілмейді, - деді Желдібай.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға