Жаңалықтар

Мемлекет басшысы жұмыс сапарымен Абай облысына барды

Мемлекет басшысы жұмыс сапарымен Абай облысына барды
Фото: akorda.kz 11.06.2023 11:23 618
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Абай облысына жұмыс сапарымен келді, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
 
Сапар барысында Президент орман алқаптарындағы өрт сөндіру жұмыстарымен танысып, шұғыл әрекет ету штабының отырысын өткізеді және өрт кезінде қаза тапқан орман шаруашылығы қызметкерлерінің туыстарымен кездеседі деп күтілуде. 
 
Абай облысында бірнеше күннен бері орманды алқап өртке оранды. Қазіргі уақытта тілсіз жау шарпыған аймақ 60 мық гектардан асты. Сондай-ақ, орман шаруашылығының 14 қызметкері өрт кезінде қайтыс болды. 
 
Қазіргу уақытта өңірде төтенше жағдай жарияланып, өртті сөндіруге 1500 адам жұмылдырылған. 
Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға