Мемлекет басшысы Жаңа жыл мерекесін қайда қарсы алады
31.12.2024 11:45
Фото:
Ақорда
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жаңа жыл мерекесін қайда және қалай қарсы алатыны белгілі болды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
ҚР президентінің кеңесшісі – баспасөз хатшысы Берік Уәлидің айтуынша, президент мереке қарсаңында шетелге бармайды.
Мемлекет басшысы Жаңа жылды еліміздің миллиондаған азаматтары секілді өз шаңырағында, туыстарымен бірге мерекелік дастархан басында қарсы алады. Президенттің Жаңа жылда шетелге шығу немесе демалу туралы жоспары жоқ.
Қасым-Жомарт Кемелұлының демалысқа уақыты тапшы деуге болады. Президент мереке күндері де жұмыс істейді, құжаттар қарайды, - дейді Берік Уәли.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

