Ақорда

Мемлекет басшысы Үндістан премьер-министріне көңіл айтты

23.04.2025 17:48

Қасым-Жомарт Тоқаев премьер-министр Нарендра Модиге Үндістанның солтүстігінде орналасқан Пахалгам қаласындағы жантүршігерлік лаңкестік әрекет салдарынан бейбіт тұрғындардың қаза табуына байланысты көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Президент халыққа қарсы жасалған бұл зорлық-зомбылықты қатаң айыптайтынын жеткізіп, зардап шеккен азаматтардың тезірек сауығып кетуіне тілектестігін білдірді.