Жаңалықтар

Мемлекет басшысы Түркістан облысындағы тігін фабрикасын аралап көрді

Мемлекет басшысы Түркістан облысындағы тігін фабрикасын аралап көрді
Фото: Akorda.kz 27.09.2024 19:21 429

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысы Ордабасы ауданында «JNRAY Group» серіктестігі биыл іске қосқан тігін фабрикасының жұмысымен танысты, деп хабарлайды Ақордаға сілтеме жасап El.kz ақпарат агенттігі.

Аумағы 6 мың шаршы метр болатын жеңіл өнеркәсіп нысанын ашуға мемлекеттік индустрияландыру бағдарламасы аясында 1,4 миллиард теңге көлемінде қаржылай қолдау көрсетілген.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа фабрикада киім-кешек, төсек жабдықтары және арнайы киім түрлері шығарылатыны жөнінде мәлімет берілді.

Бүгінде кәсіпорында 300 адам жұмыс істейді. Келешекте өнім түрлерін көбейтіп, тігіншілер санын 500-ге дейін жеткізу жоспарланған. Қажетті шикізат көршілес Өзбекстан мен Қырғызстан елдерінен жеткізіледі.

Мемлекет басшысы тігін цехын аралап көріп, өнім үлгілерімен танысты.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға