Akorda.kz

Мемлекет басшысы Тәжікстанға жұмыс сапарымен барады

13.09.2023 20:00

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 14-15 қыркүйекте Тәжікстанға жұмыс сапарымен барады. Бұл туралы Ақордаға сілтеме жасай отырып El.kz ақпарат агенттігі хпбарлайды.

Сапар аясында Президент Орталық Азия мемлекеттері басшыларының V Консультативтік кездесуіне және Халықаралық Аралды құтқару қорының құрылтайшы мемлекеттер басшылары Кеңесінің отырысына қатысады.