Жаңалықтар

Мемлекет басшысы SINOPEC корпорациясының президентін қабылдады

Мемлекет басшысы SINOPEC корпорациясының президентін қабылдады
Фото: Akorda.kz 08.09.2023 12:29 779

Қасым-Жомарт Тоқаев SINOPEC корпорациясының президенті Юй Баоцайды қабылдады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып El.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Мемлекет басшысына SINOPEC компаниясының еліміздегі қызметінің қорытындысы және алдағы кезеңге арналған жоспары жөнінде мәлімет берілді.

Әңгімелесу барысында геологиялық барлау және мұнай-газ химиясы өнімдерін өндіру салаларындағы ынтымақтастық перспективалары талқыланды.

Президент отандық компаниялардың SINOPEC корпорациясымен өзара іс-әрекеті Қазақстан мен Қытайдың стратегиялық серіктестігін нығайтуға ықпал ететініне сенім білдірді.

Қасым-Жомарт Тоқаев энергетика және химия салаларындағы бірлескен жобаларды жүзеге асыру кезінде су үнемдейтін технологияларды енгізу маңызды екеніне назар аударды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға