Жаңалықтар

Президент ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің отырысына қатысты

Президент Шанхай ынтымақтастық ұйымын дамытудың басым бағыттарына тоқталды
Президент ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің отырысына қатысты
Фото: Ақорда 16.09.2022 16:42 1094

Қасым-Жомарт Тоқаев өз сөзінде Шанхай ынтымақтастық ұйымын дамытудың басым бағыттарына тоқталды, деп хабарлайды El.kz Президенттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Сондай-ақ жиында Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёев, Үндістан Премьер-министрі Нарендра Моди, ҚХР Төрағасы Си Цзиньпин, Қырғызстан Президенті Садыр Жапаров, Пәкістан Премьер-министрі Шахбаз Шариф, Ресей Президенті Владимир Путин, Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмон, ШЫҰ жанындағы бақылаушы мемлекеттер басшылары мен саммиттің құрметті қонақтары – Беларусь Президенті Александр Лукашенко, Иран Президенті Ибрахим Раиси, Моңғолия Президенті Ухнаагийн Хурэлсух, Түрікменстан Президенті Сердар Бердімұхамедов, Әзербайжан Президенті Ильхам Әлиев, Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоған және ШЫҰ Бас хатшысы Чжан Мин, ШЫҰ Өңірлік террорға қарсы құрылымның Атқарушы комитетінің директоры Руслан Мирзаев және БҰҰ Бас хатшысының саяси мәселелер жөніндегі орынбасары Розмари Дикарло сөз сөйледі.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға