Мемлекет басшысы Румыния президентіне құттықтау жеделхатын жолдады
EL.KZ Информационно-познавательный портал
20.05.2025 16:01
Фото:
Ақорда
Қасым-Жомарт Тоқаев Никушор Данды Румыния президенті лауазымына сайлануымен құттықтады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Бұл жеңісіңіз – халқыңыздың Сізге және Румынияның дамуын баянды етуге бағытталған маңызды жоспарларыңызға көрсеткен қолдауы мен сенімінің айқын дәлелі деп білемін. Бірлескен күш-жігеріміздің арқасында Астана мен Бухарест арасында қалыптасқан дәстүрлі достық пен өзара тиімді ынтымақтастық алдағы уақытта да нығая түсетініне үмітім зор, – делінген жеделхатта.

