Мемлекет басшысы Ресей президентімен телефон арқылы сөйлесті
28.05.2025 20:38
Фото:
akorda.kz
Мемлекет басшысы Ресей Президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды El.kz интернет порталы Ақордаға сілтеме жасап.
Әңгімелесу барысында сауда-экономика, энергетика салаларындағы ынтымақтастықтың өзекті мәселелері талқыланды.
Президенттер екі ел арасындағы достыққа, тату көршілікке және одақтастыққа негізделген мемлекетаралық байланыс қарқынды дамып келе жатқанын атап өтті.

