Мемлекет басшысы Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне зиярат етті
17.06.2023 10:33
Фото:
Akorda.kz
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне арнайы барып, зиярат етті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Ақорданың баспасөз қызметі Президент бүкіл түркі дүниесіне танымал ғұлама Қожа Ахмет Ясауидың және осында жерленген тарихи тұлғалардың рухына тағзым етіп, Құран бағыштағаны туралы жазба жариялады.
Сонымен қатар, Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығында жүргізіліп жатқан ескерткіштерді қалпына келтіру жұмыстары жөнінде мәлімет бергені туралы айтылды.
Мемлекет басшысы кесененің тарихи келбетін сақтау жөнінде тапсырма беріп, бірқатар мәселелерді шешуді айтқан.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

