Мемлекет басшысы Қазақстанның халық әртісі Жәния Әубәкірованы қабылдады
21.03.2024 17:03
Фото:
t.me/aqorda_resmi
Кездесуде еліміздегі мәдениет саласының дамуы мен өзекті проблемалары талқыланды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Жәния Әубәкірова Президентке жеке шығармашылығы мен өзінің авторлық мектебінің жұмысы туралы баяндады. Сонымен қатар ұзақ уақыт бойы Қазақ ұлттық консерваториясының ректоры болған маман музыкалық жоғары білім саласы туралы ой-пікірін жеткізді.
Қасым-Жомарт Тоқаев Жәния Әубәкірованың қоғамдық мәселелерге қатысты ұсыныстарын тыңдап, өнер саласындағы бастамаларына сәттілік тіледі.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

