Жаңалықтар

Мемлекет басшысы Қазақстан Қарулы күштері Бас штабының шұғыл кеңесін өткізді

Мемлекет басшысы Қазақстан Қарулы күштері Бас штабының шұғыл кеңесін өткізді
Фото: Akorda.kz 05.09.2023 15:51 730

Қарулы күштердің Жоғарғы Бас қолбасшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Батыл тойтарыс – 2023» оқу-жаттығу жиыны өтетін жерге келген соң Бас штабтың алдыңғы шептегі басқару пунктін аралап көріп, шұғыл кеңес өткізді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Ақорданың мәліметінше, бас штабтың бастығы, генерал-лейтенант Марат Құсайынов жалпы ахуал жөнінде баяндады. Содан кейін премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр бейнебайланыс режимінде еліміздің қорғаныс әлеуетін арттыру үшін әзірленген шаралар туралы баяндама жасады.

Ал әскер түрлерінің бас қолбасшылары және «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы, сондай-ақ Абай облысының әкімі мен Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің міндетін атқарушы өздеріне сеніп тапсырылған аумақтағы жүктелген міндеттердің орындалу барысы жөнінде баяндады.

Кеңес барысында Президент армияны жоғары технологиялық қару-жарақпен және әскери техникамен қамтасыз ету қажет екенін атап өтті. Сондай-ақ отандық қорғаныс өнеркәсібі кешенін нығайтудың маңыздылығына назар аударды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға