Мемлекет басшысы "Қазақстан барысы-2025" турнирінің жеңімпазын құттықтады
18.10.2025 23:07
Фото:
Спортты дамыту дирекциясы
Мемлекет басшысы «Қазақстан барысы – 2025» турнирінің жеңімпазын құттықтады, деп хабарлайды El.kz интернет порталы Ақордаға сілтеме жасап.
Марат Байқамұровты қазақ күресінен «Қазақстан барысы – 2025» турниріндегі жарқын жеңісімен құттықтаймын! Ол тамаша өнер көрсетіп, жанкүйерлер көңілінен шықты. Мемлекет қазақ күресінің дамуына алдағы уақытта да қолдау көрсете береді, - деп жазылған құттықтау мәтінінде.
Естеріңізге сала кетейік, бүгін елордада қазақ күресінен өткен "Қазақстан барысы-2025" турнирінде павлодарлық Марат Байқамұров чемпион атанды. Ол финалда аталған турнирдің өткен жылғы жеңімпазы, семейлік Ерасыл Қажыбаевтан басым түсті. Ал үшінші орынға маңғыстаулық Нұрдәулет Жарылғапов тұрақтады.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

