Жаңалықтар

Мемлекет басшысы Қарағанды облысының әкімін қабылдады

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлім етті
Мемлекет басшысы Қарағанды облысының әкімін қабылдады
Фото: Ақорда 21.11.2022 16:28 896

Президентке Қарағанды облысының биылғы 10 айдағы әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі көрсеткіштері туралы есеп берілді. Сондай-ақ аймақтың өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы және инвестиция тарту салалары қарқынды дамып келе жатқаны туралы баяндалды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Жеңіс Қасымбектің айтуынша, өнеркәсіп өнімін өндіру көлемі 3,1 триллион теңгені (1,5 пайызға артқан) құрады. Өңдеу өнеркәсібіндегі өндіріс көрсеткіші 6,3 пайызға артты. Облыс экономикасына 522,2 миллиард теңге инвестиция тартылды (8,5 пайызға көбейген), оның басым бөлігі (92 %) жеке инвестицияға тиесілі. 2022 жылдың қаңтар-қазан айларында 414,4 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. Бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 1,7 пайызға көп.

Мемлекет басшысына Қарағанды облысының автомобиль жолдарын дамыту, халықты сумен қамтамасыз ету жөнінде мәлімет берілді. Жеңіс Қасымбек «АрселорМиттал Теміртау» компаниясындағы жағдай туралы да баяндады.

Қасым-Жомарт Тоқаев өңір экономикасын одан әрі дамыту жөнінде бірқатар тапсырма берді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға