Мемлекет басшысы Паралимпиада ойындарының чемпионы Ақмарал Науатбекті құттықтады
05.09.2024 22:34
Фото:
Ақорда
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Паралимпиада ойындарының чемпионы Ақмарал Науатбекті құттықтады, деп хабарлады El.kz ақпарат агенттігі.
Мемлекет басшысы өз құттықтауын желі парақшасында жазды.
Ақмарал Науатбекті Паралимпиада ойындарында алтын медаль жеңіп алуымен құттықтаймын! Сіз ел мерейін асырып, спорт жанкүйерлеріне зор қуаныш сыйладыңыз. Қажырлы еңбек пен қайтпас қайсарлықтың арқасында ең мықты қарсыластарыңыздан басым түстіңіз. Жеңісті күндеріңіз көп болсын! – деп жазды Президент өзінің Х әлеуметтік желідегі парақшасында.
Біз бұған дейін пара дзюдодан 48 кг салмақ дәрежесінде (J2 санаты) белдескен Ақмарал Науатбек Паралимпиада ойындарының чемпионы атанғаны туралы жаздық.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

