Ақорда

Мемлекет басшысы Пәкістан халқына көңіл айтты

Мемлекет басшысы Пәкістан Премьер-министрі Шахбаз Шарифке көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.  

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Пәкістанда су тасқыны мен нөсер жауынның салдарынан көптеген адамның қаза тауып, зардап шегуіне байланысты көңіл айтты.

Қаза болған адамдардың отбасыларына көңіл айтып, қайғысына ортақтасамын. Зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуіне тілектеспін, – деп жазылған жеделхатта.