Мемлекет басшысы Өзбекстан президентін туған күнімен құттықтады
24.07.2023 13:10
Фото:
Ақорда
Мемлекет басшысы Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёевпен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Шавкат Мирзиёевті туған күнімен құттықтап, оған бақ-береке және жауапты мемлекеттік қызметіне табыс тіледі.
Мемлекет басшысы Өзбекстан Президентінің екі ел арасындағы ғасырлар бойы жалғасып келе жатқан достық, тату көршілік және көпжақты ынтымақтастықты нығайтуға елеулі үлес қосқанын атап өтті.
Әңгімелесу барысында Қазақстан мен Өзбекстанның стратегиялық серіктестігі мен одақтастығын одан әрі нығайту перспективалары талқыланды.
Сонымен қатар тараптар халықаралық және өңірлік күн тәртібіндегі өзекті мәселелер жөнінде пікір алмасып, алдағы кездесулер кестесін қарастырды.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

