Мемлекет басшысы "Отан Ана" монументіне гүл шоқтарын қойды
08.05.2023 14:49
Фото:
akorda.kz
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Астанада «Отан Ана» монументіне гүл шоғын қою рәсіміне қатысты, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Ақорданың баспасөз қызметі Президенттің Астанадағы «Отан Ана» монументіне гүл шоғын қойып, Ұлы Отан соғысы жылдарында қаза тапқан жауынгерлеріміздің рухына тағзым еткенін мәлімдеді.
Тағзым ету рәсімінен кейін президенттік оркестр Мемлекеттік әнұранды орындап, Құрмет қарауылы ротасы шараға қатысушылардың алдынан сап түзеп өткені айтылды.
Шара соңында Қасым-Жомарт Тоқаев екінші дүниежүзілік соғыс ардагерлерімен сұхбат құрып, Жеңіс күнімен құттықтады.
Бүгін Мемлекет басшысының «Отан Ана» монументіне гүл шоғын қою рәсіміне қатысатыны туралы жазған болатынбыз.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

