Мемлекет басшысы опера әншісі Әйгерім Алтынбекті құттықтады
Ақмарал Ағзамқызы El.kz тілшісі
28.07.2025 17:59
Фото:
Ақорда
Қасым-Жомарт Тоқаев Италияда өткен ХІ халықаралық CLIP 2025 опера байқауында топ жарып, жеңімпаз атанған Әйгерім Алтынбекке құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Еліміздің мәдениетін төрткүл әлемге танытып, халықаралық сарапшыларды мойындатқан бұл жетістігіңіздің мән-маңызы зор. Сіз мемлекетіміздің мерейін үстем етіп, төл өнерімізді әлемнің төріне шығардыңыз. Алдағы уақытта да биік белестерді бағындыра бересіз деп сенемін! – деп жазды Президент.
Айта кетейік, Италияның Портофино қаласында өткен XI Халықаралық опера әншілері байқауы - CLIP 2025 (Concorso Lirico Internazionale di Portofino) қазақ операсы үшін тарихи жетістікпен аяқталды.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

