Жаңалықтар

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың тарихи рөліне баға берді

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың тарихи рөліне баға берді
Фото: Akorda.kz 24.10.2023 11:44 2030

Қасым-Жомарт Тоқаев Республика күні қарсаңында егемендік декларациясын қабылдау оңайға соқпағанын алға тартты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. Сол үшін де өткен заманның қайраткерлеріне, олардың еңбегіне лайықты, әділетті баға беріп отыру керек.

Біз қазір Әділетті Қазақстанды құрып жатырмыз. Сондықтан Азаттық жылнамасында Салық Зиманов, Серікболсын Әбділдин, Қаратай Тұрысов, Зинаида Федотова, Ерік Асанбаев, Әбіш Кекілбаев, Ғайрат Сапарғалиев, Сұлтан Сартаев, Өзбекәлі Жәнібеков, Олжас Сүлейменов, Александр Княгинин, Мырзатай Жолдасбеков, Өмірбек Байгелді, Қуаныш Сұлтанов, Сергей Терещенко және тағы басқа көптеген тұлғаның есімін құрметпен атап өту керек, - деді Тоқаев.

Президент сонымен қатар тәуелсіз ел атануымызда тұңғы президенттің рөлін де ерекше атап өтті.

Біз тарихи әділдік жолын берік ұстануымыз керек. Осы орайда тұңғыш президент Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың тарихи рөлін атап өткен жөн. Себебі ол еліміздің Тәуелсіз мемлекет атанып, тұғырын бекемдеуге орасан зор еңбек сіңірді, - деді мемлекет басшысы.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға